Пісіреміз бе, әлде буға дайындаймыз ба

Пісіреміз бе, әлде буға дайындаймыз ба

Піскен тағам қуырғаннан гөрі тәуір әрі пайдалы екені сөзсіз. Денсаулық үшін тағамның бар пайдасын сақтағыңыз келсе, қасқанды пайдаланыңыз.

Тағамдарды буда пісіру үрдісі жасалған тағамның «тұщылығымен» көп адамды үркітеді. Бұл қате пікір, өте дәмді тағамды қасқанда да пісіруге болады. Заманауи құрылғылар бірнеше тағам түрін бірден дайындауға мүмкіндік береді. Мысалы, қасқанда балықты көкөніспен бір уақытта пісіреміз. Бір деңгейіне дәмдеуіштер, маринад сеуіп, лимон бөліктерін, лаймды және әр түрлі шөптерді салуға болатындай балықты саламыз да, басқасына – оларға да дәмдеуіш себуге болатындай көкөністер саламыз. Қасқан қатарында тұздық дайындайтын арнайы бөліктер бар: оған арналған барлық құрам бөліктерді алып, араластырып, қажетті режимге қасқанды қосса болғаны. Соның ішінде, сондай-ақ, күрішті және үгілмелі ботқаны, мысалы қарақұмық ботқасын дайындауға болады. Буда пісірілетін тағамдардың пайдасы пісірілген және қуырылған тағамнан әлдеқайда мол. Олар пішімін, түрі мен түсін, сонымен қатар, барлық пайдалы дәрумендер мен микроэлементтерін сақтайды.

Қасқаныңыз болмаса, не істесе болады? Бұл буда тағам пісіруден бас тартуға сылтау емес! Ішіне азық-түлік салынған және қайнап тұрған суы бар кастрөл үстіне қойылған кепсермен алмастыруға болады. Буда пісірудің ең ұзақ уақыты – 50 минут (ет, күріш және қатты көкөністер). Балықты буда 15 минуттан 25 минутқа дейін дайындаймыз.

Буда дәмді, әрі салауатты тағамды дайындауды үйреніп алдыңыз ба? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, басқа пайдаланушылармен рецепттеріңізді бөлісіңіз. 

Сізге ұнайды деп ойлаймыз