Таңертеңгі жиналуды қалай тездетуге болады

Таңертеңгі жиналуды қалай тездетуге болады

Таңертең макияж бен шаш қоюға уақыт жетпесе, не істейміз? Ол үшін ұйқы мен дәмді таңғы асты құрбан етудің керегі жоқ, жақсы шешім осында.

Макияжды асығып істеу қиындық тудырады: бір байқаусызда жасалған қимыл барлығын зая етеді. Дегенмен, опа-далапсыз тағы болмайды. Міне, сондықтан да бейнеңізді жұмысқа барғанда бір-ақ тәмамдауға тура келеді. Бірақ барлығын өзгертуге болады.

 1. Тушьті кірпікке арналған бояумен алмастыру

Тушьті күнде жақпас үшін және макияжсыз да жарқын кірпіктерге қол жеткізу үшін кірпікке арналған бояуды қолдануға болады. Бұл қарапайым әдісті үйде де, сұлулық салонында да жасауға болады – әсері бірдей болмақ. Кірпіктердің қанық түсі кем дегенде бір-екі аптаға, тіпті, одан да ұзақ сақталады.

 2. Шаш үлгісін жасау үшін, шашыңызды кешке дайындап қойыңыз

Таңертең басыңызды жуып, шаш үлгісін жасауға уақытыңыз болмаса, бұл шаруаны бөліп істеңіз. Басыңызды кешкісін жуып алыңыз. Таңертең душқа барарда, шашыңызды желкеңізге түйіп, жинап қойыңыз, олар су емес, ылғалды болады – керегі де осы. Енді мусс немесе спрей жағып, шаш кептіргіш көмегімен қажетті үлгіңізді жасаңыз. 15 минут ұтасыз.

3. Тері өңін бір-екі секундта жасау

Реңкті кремді асығыс жағуға болмайды – ол біркелкі қонбайды. Бірақ реңксіз де жүре алмайсыз. Бұл мәселені шешу үшін, реңкті кремнің орнына сергіткіш әсері бар ылғалдандырушы кремді, мысалы, ВВ-кремін пайдалануға болады. Ол тері кемшіліктерін жақсы жасырып, ылғалдандырады, соның арқасында, терінің қабыршақтану мәселесін де шешеді.

4. Макияждағы акценттер

Әдемі күнделікті макияж – міндетті түрде косметиканың көп болуының нәтижесі емес. Визажисттерге теріні қалпына келтіріп, кемшіліктерді жасырып, теріге ажар беру үшін бір-екі құрал жеткілікті. Ең бастысы – консилер: ол көз астының ісінуін және терінің кемшіліктерін жасыруға көмектеседі. Екіншісі – далап: бейнеңізді жаңарту үшін, бір тамшы далапты жағыңызға және – назар аударыңыз! – үстіңгі қабаққа жағу жеткілікті. Айтпақшы, бұл әдісті модельдер жиі пайдаланады.

5. Шығуға дейін

Үйден әрдайым дер кезінде шығу үшін, оятқыш қосуға болады. Бірақ тура шығатын уақытқа емес, мысалы, 10 минут ертерек делік. Қоңырау жиналу уақытының аяқталуын хабарлайтын белгі болады.

Таңертеңгі асығыстағы макияждың басқа сиқырларын білесіз бе? «Мақала жазу» батырмасын басып, оларды сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent