Француз маникюрі дейсіз бе? Одан жеңіл ештеңе жоқ!

DesktopImage
Бар жоғы бірнеше оңай әрекет жасап, армандаған әдемі француз маникюрін өзіңіз жасай аласыз.

1-қадам
Лакты кетіретін құралмен тырнақтан ескі лактың қалдықтарын кетіріңіз.

1

2-қадам 
Қолды жұмсартып, тазалау үшін жылы сабынды су құйылған ваннаға салып қойыңыз. Жақсылап кептіріп алыңыз.
2

3-қадам 
Арнайы таяқшамен кутикуланы итеріңіз.
3

4-қадам 
Тырнақтың бетін жақсылап тегістеңіз.

4

5-қадам
Тырнақты қалыпқа келтіріңіз. Әйнек егеуішін қолданған дұрыс болады. Қабатталуды болдырмау үшін егеуішті әрдайым бір бағытта қозғаңыз.

5

6-қадам 
Лактың негізгі қабатын жағып, толық кепкенге дейін күте тұрыңыз.

6


7-қадам
Тырнақ ұшынан шамамен 3 мм шегіне отырып, француз маникюріне арналған арнайы жолақтарды тырнаққа жабыстырыңыз.
7


8-қадам 
Ұшына ақ түсті лакты жағып, толық кепкенше күтіңіз де, жапсырманы шешіңіз.

8

9-қадам 
Тырнаққа мөлдір немесе ашық жартылай мөлдір лакты жағып, қорғаныс лак қабатын жағып бекітіңіз.

9

10-қадам 
Толық кепкенше күте тұрыңыз да, қолға ылғалдандыратын лосьонды жағыңыз.

10


Бар жоғы осы, енді үйде француз маникюрін қалай жасау керек екенін біліп алдыңыз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent