Француз стилінің құпиялары

Француз стилінің құпиялары

Француз стилінде киіну деген қалай? Француз әйелдері талғамы ең жоғары деген құрмет тұғырын ұзаққа жаулап алды. Рас, үйренетін нәрсе көп.

  1. «Аз болса да, ең жақсысы болсын» – француз әйелдерінің негізгі ережесі. Қарапайым үлгілер, түстердің сәтті үйлесімі, аз аксессуарлар. «Үйден шығар алдында айнаға бір қарап, артық затты шешіп кетіңіз», – деп кеңес береді француз әйелдері.
  2. Әмбебаптылық. Француз әйелдері таңертең жұмысқа, ал кешке ресторанға баруға болатындай киінуді ұнатады. Кербез жейделер, қарапайым сәндегі керемет көйлек француз әйелдеріне таптырмас нәрсе.
  3. Қарапайым шаш үлгісі және жеңіл макияж. Сіздің көп күш салғаныңызды ешкім байқамауы тиіс. Мінсіздік пен табиғи қасиетті үйлестіріп көріңіз. Барлығы әрдайым осындай еріксіз еліктіретіндей болып жүру түкке тұрмайды деп ойласын.
  4. Ұсақ-түйектерге назар аудару. Қарапайым киіміңізге бір ашық түсті аксессуарды– жібек шытты, білезікті немесе ерекше белдікті қосыңыз.
  5. Нәзік хош иіс. Француз әйелдерінен әрдайым жақсы хош иіс шығып тұрады. Бірақ бұл хош иісті сәл ғана байқайсың, ол ешқашан көзге ұрып тұрмайды және ұзын сонар шлейф болып созылып қалмайды.
  6. Тік жүру және өзін сенімді ұстау. Ең әдемі киімді кие аласыз, бірақ сенімсіз, абыройсыз және кеудеңізді тік ұстамайынша қажетті әсер қалдыру аса қиынға соқтырады. Әдемі болып қана көрінбей, өзіңізді солай сезінесіз. Осылай ғана Сіздің көзіңіз бал бұл жанып, барлығын еліктіресіз!

Соңында айтарымыз, көптеген француз әйелдерінің гардеробында болатын киімдердің тізімін назарыңызға ұсынамыз:

  • Шағын қара көйлек
  • Ақ түсті жейде
  • Жакет немесе әйел смокингі
  • Твидтен тігілген пиджак
  • Қалпақтар мен береттер
  • Шарфтар мен орамалдар
  • Күннен қорғайтын көзілдіріктер

Француз әйелдерінің стилі Сізге ұнайды ма?

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent