Әжімдерге «Қош бол» деп айтыңыз!

Әжімдерге «Қош бол» деп айтыңыз!

Шамамен 30-дан кейін, кейде одан ерте, әйелдер күн сайын әжіммен күресе бастайды. Әжім деген не, ол қалай пайда болады – кел, талқылайық!

Әжім деген не?

Бала кезден бастап біздің эмоцияларымыз – күлу, таң қалу, ренжу, шаршау – барлығы да бетімізден көрінеді. Тері жас, жұмсақ және ылғалды болғанда ол өзінің бастапқы қалпына оңай келеді. Бірақ жас келе тері созылғыштығын жоғалта бастайды, нәтижесінде мимикамыз бірте-бірте әжімдерге айналады.

Әжім неге пайда болады?

Құрғақ және зақымдалған тері әжімнің пайда болуына көбірек бейім болады. Құрғақ тері жылдам созылғыштығын жоғалтып қалпына келуге үлгермей қалады. Күннің әсері де теріге кері ықпалын тигізеді, соның салдарынан коллаген мен эластиннің бөлінуі төмендейді, бұл терінің сау құрылымын ұстап тұру үшін қажет.

Терісі құрғақ 28 жастағы әйелдің 36 жасқа келгенде терісі ылғалды құрбысынa қарағанда әжімі 52% көп болатынын Сіз білесіз бе? Су – өмір екенін есіңізде ұстаңыз!

Әжімге жол бермеудің амалы қандай?

Өкінішке орай, өмірдің ағынын кері бұра алмайсың, бірақ терідегі коллаген мен эластиннің табиғи деңгейін қалпына келтіруге болады.

  • Бұл әжімнің көлемін азайтады.
  • Жаңа әжімнің түзілуін баяулатады.
  • Қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен теріні қорғайды.

Косметикалық құралдар

  1. қадам: Арнайы тазартатын құралмен тазарту
  2. қадам: Таңертең және кешке әжімге қарсы кремді жұқа етіп жағу.
  3. қадам: Күннен қорғайтын кремді жағу (таңертең).
  4. қадам: Көз айналасына арналған арнайы білікшемен көз айналасының терісін уқалау және көз айналасының терісіне арналған кремді жағу.

Дұрыс тамақтану

Коллаген синтезі ағзада осыған барлық қажетті құрамдас бөліктер болғанда ғана жүзеге асырылады:

  • аминқышқылдары (пролин, глицин, аланин);
  • аскорбин қышқылы (С дәрумені);
  • темір.

Пролинді жұмыртқаны және сүт өнімдерін пайдалану арқылы алуға болады. С дәрумені цитрустарда, қырыққабатта, итмұрында, қарақатта және т.б. бар. Сиыр етінде, бауырда, алма мен қарақұмық ботқасының құрамында темір өте көп.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз