Тері мінсіздігіне қалай қол жеткізуге болады

Тері мінсіздігіне қалай қол жеткізуге болады

Әжімдерді жазу, шаршауды басу, теріге жас реңк беру, ылғалдандыру, тонусқа келтіру – қолымыздан келеді. Бет терісін мінсіз ететін кез келді!

Беттің өңі қашуы, терінің шаршаған түрі, әжімдер – күйзелістің салдары, қозғалыс аздығы және таза ауаның жетіспеушілігі. Теріге жас күй беру, оны ылғалдандыру және әжімнен құтылу қолымыздан әбден келеді.

  •  Компресс жасаймыз. Бір ыдысқа ыстық суды, ал басқасына мұздай суды  құйыңыз (краннан суық суды алып, оған мұз қосыңыз). Бет орамалды алып, оны ыстық суға салыңыз да, сығып бетке апарыңыз. Осылай үш рет қайталаңыз. Одан кейін тура осыны мұздай сумен жасаңыз. Осындай компресстен кейін бет терісі лезде тегістеліп, тонус және бет шырайлығы пайда болады. Процедураны аптасына бірнеше рет қайталаңыз.
  •  Күнде теріге арнайы крем жағыңыз. Таңертең теріні жазатын, ал кешке шаршауды басатын кремді пайдаланыңыз.
  •  Жүгіру, биге бару, аэробика – бұл спорт түрлері дене пішіміне үйлесімдік беріп, тері сапасын жақсартады. Керілу де терінің жасаруына септігін тигізеді, өйткені жаттығу жасағанда ағзада коллаген шыға бастайды.
  •  Егер таңертеңнен бастап теріңіз шаршаңқы болып, көзіңіз қарайып не ісіп кеткен болса, кешкі астан бас тартыңыз! Нәтижесі алғашқы таңда-ақ көрінетін болады.

Қарапайым әдіс

Еңкейіңіз (еденнен түсіп қалған кілтті алғандай) және отызға дейін санаңыз. Беттің шырайлығы лезде пайда болады.

Әжімдермен күресетін өз әдісіңіз бар ма? Теріні қалай жасартуға болатынын білесіз бе? Осы құпияларды қалған әйелдерден жасырмаңыз! «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз!

Сізге ұнайды деп ойлаймыз