Шаш үлгісін беттің пішімі бойынша таңдаймыз

Шаш үлгісін беттің пішімі бойынша таңдаймыз

Көбінде кинодағы не құрбыңның шашын қайталағың келеді, бірақ ақыры айнып қалып, басқаша істейсің – шаш тұтас бейнең емес, бір бөлігің ғой.

Шаш үлгісін бет әлпетіне қарай қалай дұрыс таңдауға болатыны жайлы бірнеше қарапайым кеңес.


Домалақ бет

Бетіңіз сопақтау болғанын қалайсыз ба? Онда каре және иекке дейін боб етіп шашты қиғаныңыз дұрыс болар. Артық көлемнен және бұйра шаштан аулақ болыңыз. Егер шашты артқа қарай жинаймын десеңіз, оларды тым биік етіп бумаңыз.


Төртбұрыш

Егер бетіңіздің жақтары үшкір, төртбұрышты пішінге жақын болса, шаш үлгісінде түзу сызық жасамаңыз. Контрастіде жұмыс істеңіз: шаш үлгісі жұмсақ, әрі биязды болсын – нақты емес сызықтар, көлем, кекіл және иыққа дейін келетін жеңіл бұйра шаштар.


Жүрек түріндегі бет

Егер бетіңіз үстіңгі жағы кең және иекке қарай үшкірленген жүрек пішімінде болатын болса, көзге дейін жететін тегіс емес кекілмен келістіріңіз. Маңдай лезде жіңішке етіп көзге көрінеді. Шаш ұшын домалақ щеткаға бұйралаңыз, осылайша көлемді береді, беттің төменгі жағы көзге ұлғайып көрінетін болады.


Созыңқы бет

Шамалы созыңқы бет иелеріне қас сызығына дейін кекіл жақсы жарасады. Маңдайды толық жаба отырып, бетті қысқа етіп көрсетесіз. Түбінен артық көлемді жасамаңыз. Ал иек сызығын саты түріндегі шаш үлгісі айқындап көрсетеді


Сопақ бет

Бетіңіз сопақ па? Сіз онда нағыз бақытты жанның өзісіз! Сізге қысқа шаш үлгілері де, ұзын биязы бұйра шаш үлгісі де жарасады. Сондықтан тек қана ерекшелікке және шашыңыздың күйіне, сонымен қатар жеке қалауларыңызға сүйеніңіз.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent