Шашты қалай жұмсартуға болады

DesktopImage
Жұмсақ сусылдап тұрған шаш көп адам үшін орындалмайтын армандай. Қазіргі заманның абыр-сабырында шашқа қажетті күтім жасап, көңіл бөлуге кімнің уақыты жетеді?

Қайызғақпен алысатын адамдарға шашқа күтім жасау оңай емес, себебі олар қышыма мен бас терісінің ұдайы қабыршақтануымен де күресуге мәжбүр. Бақытыңызға орай, шаштың қалаған жұмсақтығына қол жеткізу сіз ойлағандай қиын емес. Дұрыс таңдалған құралдардың көмегімен армандаған жұмсақ сәнді шашқа қол жеткізіп, қайызғақтан құтыла аласыз.

Шашты жуу тәртібін түзетіңіз

Шаштың жұмсақ әрі жылтыр болуы шашқа дұрыс күтім жасауға байланысты. Дәл сол себептен бас жуғанда шашқа қосымша күтім бергеніңіз жөн. Лайықты сусабын мен кондиционерді таңдау жақсы бастама болмақ. Ылғалдандырғыш құралдарды сатып алғаныңызға өкінбейтін боласыз — олар шаштың құрғап кетуіне жол бермейді.

Қазіргі заманғы шашты тегістейтін құралдардың көбінің құрамына жұмсартқыш және ылғалдандырғыш әсері бар заттектер кіреді. Мысалы, аргана, кокос пен зәйтүн майы.

Бас терісінің қабыршақтануына шалдыққандар үшін Head & Shoulders Supreme өнімдер қатарын әзірледі. Ол брендтің басқа өнімдер қатары сияқты қайызғақпен тиімді күреседі, ал құрамында аргана майының болуы оның ерекше өзгешелігі болып табылады.

Егер шашыңыз қатты ұйысатын болса, оны бас жуған кезде оңай шешуге болады. Шашыңызға кондиционерді жағып, ұйысқан шашты жайлап тараңыз. Сонда шашқа онша зақым келмейді.

Шашты дұрыс тараңыз

Шашты жуғаннан кейін қолданатын тарақтың түрі де өте маңызды. Жұқа түзу шашқа ауа өткізіп тұратын тесіктері бар қылшақ-тарақты, ал бұйра шаш үшін кәдімгі тарақты немесе тістері сирек тарақты таңдаған жөн. Табиғи қылшығы бар қылшақтар шаштың көп түріне жылтыр беру үшін жақсы.

Шашыңызды мұқият тарағаннан кейін шашты күні бойы жұмсақ әрі жылтыр етуге көмектесетін ылғалдандырғыш құралды жағыңыз. Интернеттен шашқа күтім жасауға арналған көптеген қолдан жасайтын құралдардың рецептілерін табуға болады, алайда егер сенімді құралыңыз әрдайым қол астында болғанын қаласаңыз, Head & Shoulders ұсынған Supreme өнімдер қатарының қалпына келтіргіш сусабыны мен кондиционерін пайдаланып көріңіз: олар шаштың сұлулығы мен саулығын сақтай отырып, тиімді күтім жасайды.

Сізге ұнайды деп ойлаймыз

Cookie Consent